Түркия елі Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Түркия елі Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Түркия кей елдермен жолаушы тасымалын тоқтатты. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты екенін нақтылады. Шешім қабылданғаннан кейінгі соңғы рейстер 5 және 6 тамызда орындалды.

Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияға байланысты қаралады.

«Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях