Тұмау вирусына қарсы екпе егу жұмыстары басталды

Тұмау вирусына қарсы екпе егу жұмыстары басталды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазіргі кезде тұмау және ЖРВИ ауруының алдын алудың мақсатында еліміздің барлық аймақтарында тұмауға қарсы екпе салдыру науқаны жүріп жатыр. Осыған орай бүгін аудандық орталық ауруханада «Тұмауға қарсы егілейік!» атты акция өткізілді. Бұл шара Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандағы медициналық мекеме басшылары және қызметкерлерінін атсалысуымен ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – күз мезгілі басталысымен тұмау және басқа да жедел респираторлы вирусты инфекциялардың белең алуына байланысты оған қарсы екпе жасатудың маңызын түсіндіру. Оның барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылып, сондай-ақ, вакцинация кабинетінде тұмауға қарсы екпе жасалды.

Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Миржан Әзербаев, аудандық аурухана бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Шоқанұлы мен аудит, сапа жөніндегі орынбасары Зоя Сатыбалдинова тұрғындарға вакцинаның қауіпсіз екенін көрсету мақсатында ең алғаш болып, екпені өздері қабылдады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях