БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Рамиз Алакбаров тәліптер БҰҰ-ға қолдау білдіретінін және ұйымнан елде қалып, гуманитарлық қызметті жалғастыруды сұрағанын айтты, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Рамиз Алакбаровтың айтуынша, БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық кеңсесі мен «Талибан» арасындағы практикалық өзара іс-қимыл 18 жылдан бері жалғасып келеді.
«Олармен осы уақытта, үнемі жұмыс істеп келдік. Біз гуманитарлық қызмет үшін қарым-қатынас орнаттық», – деді Алакбаров.
Оның айтуынша, соңғы күндері кеңсе мен тәліптер арасында «жаңа келісімдер» болмаған.
«Бізде байланыс бар. Әрқашан қолдау көрсететініне сендіріп отыр. Олар тағы да қолдау білдіріп, осында қалуды және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруды сұрады», – деді Алакбаров.
Алайда ол қазіргі тұрақсыз жағдайда «әрине, өзара әрекет егжей-тегжейі пысықталатынын» айтты.
«Бұл, ең алдымен, гуманитарлық жағдайда жұмыс істейтін әйелдердің жұмыс орнына кіруін қамтамасыз ету мәселесі», – деді Рамиз Алакбаров.
Оның айтуынша, кейбір аудандарда әйелдер осындай кедергілерге тап болған, бірақ «бәрі аймақта кім командир екеніне байланысты». «Біз әлі орталықтандырылған нұсқауларды көрмедік», – деп қосты ол.
Бұған дейін Германияға келген ауғандар Кабул әуежайынан қалай эвакуацияланғанын айтқан болатын.