Статистика қызметкерлері құрметке бөленді

Статистика қызметкерлері құрметке бөленді

Қарасай ауданының Статистика басқармасының мамандары мен Халық санағына белсене қатысқандар статистика күні қарсаңында құрметке бөленді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елдің экономикалық деңгейін, әлеуметтік дамуын сараптап, халықтың тұрмыс-тіршілігін айқындау жолында статистика саласының атқаратын рөлі зор. Ал, бұл қызметте елеулі еңбек ететін мамандардың табандылығын айтпасқа тағы болмас. Бүгін – олардың кәсіби мерекелері. Айтулы күннің құрметіне орай Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев осы салада қызмет етіп жүрген, оның дамуына үлес қосып жүрге бірқатар қарасайлық статистика мамандарын марапаттады.

Мерекелік бас қосуда аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы алдымен Ұлттық халық санағын сәтті аяқталуымен құттықтап, аудандық Статистика басқармасының қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Аудан әкімі өз сөзінде бұл мекеменің басшысы Дина Нүпбаеваның біліктілігін, ұжымның бірлігін нығайтып, қызметтегі жауапкершілігіне алғысын білдіріп, оның әріптестеріне риясыз ризашылығын білдірді.

– Сіздердің атқарған жұмыстарыңыздың арқасында Алматы облысы бойынша Қарасай ауданы Халық санағын өте сәтті аяқтап, 1 орыннан көрінді. Бұл, расымен де, атап айтатын жақсы көрсеткіш. Қоғамдық істі бірлесе атқарып, ауданның әлеуетін арттыруға зор үлес қостыңыздар. Нәтижелі жұмысқа белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіргім келеді, – деп аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы бірқатар кәсіби мереке иелерін марапаттады.

Аудан әкімінің ықыласына бөленіп, оның Алғыс хатына ие болғандардың қатарында халық санағының өтуіне ерекше атсалысқан интервьюерлер, жетекші-нұсқаушылар және уәкілетті тұлғалар болды.

Санитарлық талапқа сай өткен жиынның соңында аудан өнерпаздарының қатысуымен шағын мерекелік концерт ұйымдастырылып, лайықты құрмет көрсетілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях