Спортшы чемпиондық белбеуін қазақ халқына тарту етті

Спортшы чемпиондық белбеуін қазақ халқына тарту етті

Бүгін ережесіз жекпе-жектің күрескері Альберт Туменовтың  2019 жылдың қараша айындағы жарыста ұтқан белбеуі Шамалғандағы «Атамекен» музейіне  тапсырылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

[su_custom_gallery source=»media: 15710,15712″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Кезінде тоқырау жылдары  балкар ұлтының өкілі Альберттің отбасы атамекенінен Шамалған ауылына қоныс аударған.  Қазір ол Ресей мемлекетінде тұрғанымен, қазақ еліне деген ықыласы ерекше. Сондықтан да қараша айындағы жарыста жеңіп алған белбеуін Қазақстанға сыйға тартамын деп айтқан болатын. Спортшының осы тілегі ескеріліп, жерлестері   Музафар Гекиев бастаған бір топ азаматтар аманатын қазақ еліне жеткізді. Жүлделі белбеуді аудан әкімі Жандарбек Далабаев салтанатты түрде қабылдап алды.  Ал, оны алдағы уақытта сақтау және көз тартар арнайы жерге орналастыру үшін  музейдің директоры Адиля Коржумбаеваға тапсырды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях