«Сот шешеді»: Асхат Аймағамбетов өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

«Сот шешеді»: Асхат Аймағамбетов өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ-ға қарасты департаменттің бұрынғы жетекшісі Анар Қайырбекованың өзіне тағып отырған айыптауларына қатысты жауап берді. Шенеунік министрлік басшысын диссертациясын ауыстырып тастағаны үшін кінәләуда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Анар Қайырбекованың мәлімдеуінше, Аймағамбетов 2009 жылы қорғап шыққан докторлық диссертациясына он жылдан кейін өзгертулер енгізген.

– Бұл мәселені сот шешеді. Әрине, дәл қазір сіздердің барынша көбірек ақпарат алуды қалап тұрғандарыңызды түсініп тұрмын. Алайда, меніңше мұндай сұрақтарға жауап берудің өзі ақылға қонымсыз. Сот бұл мәселеде нүктесін қойып, тиісті шешім қабылдады. Бізде жұмыс бастан асады. Жаңа оқу жылына қарқынды түрде дайындалып жатырмыз. Біз әлі талай мәселені шешуіміз керек. Сол себепті, менің бар назарым әзірге сонда, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Анар Қайырбекова вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысының жартысынан көбі бөтен ғылыми еңбектерден алынғанын мәлімдеген болатын.

Оған қоса, Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен жауапты хатшы Арын Орсариевтың үстінен Жемқорлыққа қарсы қызметке арыз түсірген еді. Ол министрлік өкілдерін қызмет көрсету туралы келісімге қол қою кезінде қысым жасады деп айыптады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях