Соғыс ардагері сайлаудан қалыс қалған жоқ

Соғыс ардагері сайлаудан қалыс қалған жоқ

Қарасай ауданына қарасты Еңбекші ауылының тұрғыны, майдангер Чайке Ыдырысов сайлауға қатысып, таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

97 жастан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Чайке Ыдырысов Президент сайлауына белсенділік танытып, өз үйінде дауыс берді.

Чайке атамыз 1925 жылы 5 мамырда Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ІІ Дүниежүзілік соғысқа аттанған. Минск қаласының түбіндегі бір айқаста жараланған. 1944 жылы наурызда Удмуртиядағы Кизнер стансасындағы госпитальдан шығып, қан майданға қайта оралған. Содан Брянск қаласы, Литва, Шығыс Пруссия, Румыния, Кенисбергтегі соғыстарға қатысқан. Марқұм кемпірі Күпан әже екеуі үш ұл, екі қыз тәрбиелеген. Олардан 12 немере, 20 шөбере көрді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях