Әскери міндеттілер ардагерлермен кездесті

Әскери міндеттілер ардагерлермен кездесті

Кеше ауданымыздың әскери міндеттілері ауған соғысының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты Мемлекет басшысының жарлығымен әскери міндеттілер арнайы жиынға шақыртылған еді. Осы ретте өздерінің әскери борыштарын орындаған 78 ауданымыздың азаматтары бүгінде полиция қызметкерлімен бірлесіп, блок-бекеттерде міндеттерін атқарып, патрульге шығып, нысандарды күзетіп, ауданымыздағы қауіпісіздік шараларына атсалысуда. Кеше осы арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілер ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.

[su_custom_gallery source=»media: 18832,18834,18835,18831″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Қарасай ауданының әскери міндеттілер жиының командирі, полковник Зоидбой Шоибов пен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің төтенше және қауіпсіздік жағдайлар бойынша көмекшісі Асқар Ниязовта қатысып, әскери міндеттілерді осы кезенді өздерінің жасап жатқан міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқаруға шақырды. Ал, ауған соғысының ардагерлері жас сарбаздарға қазіргі еліміздегі төтенже жағдай кезінде олардың негізгі міндеттеріне кеңінен тоқталды. Мәселен, індеттің таралуына жол бермеу жұмыстарына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету. Сондай-ақ, ардагерлер өздерінің соғыс кезінде бастарынан өткен жағдайлар туралы естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, шараға қатысқан аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Бекмырза Жүсіп жастарды өз Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях