Шетелге шығуға шектеу: ІІМ хабарламаға жауап берді  

Шетелге шығуға шектеу: ІІМ хабарламаға жауап берді   

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр. ІІМ ақпаратқа түсінік берді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік баслымы StopFake.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Instagram қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар», – делінген ведомство жауабында.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях