Шет елдерде 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

Шет елдерде 4 мыңнан астам қазақстандық саяхаттап жүр

Бүгіннен бастап тағы бірнеше елмен санитарлық тәртіп күшейтілді, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап .

Оның ішінде Франция, Иран, Италия, Испания және Германиядан келгендер енді міндетті түрде карантинге жатқызылады. Ал, Қытай немесе Корея сияқты мемлекеттерден оралғандар үйде оқшаулануы керек. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа талаптар шет елдерде жүрген жерлестерімізге ғана қатысты. Ал, басқа елдің азаматтарының Қазақстанға келуіне тыйым салынған. Айта кетейік, дәл қазір шет елдерде саяхаттап жүрген 4 мыңнан астам қазақстандық азамат бар.

– Сонымен қатар екінші категория бойынша Филиппин, Катар, Үндістан, БАӘ, Ұлыбритания, Әзербайжан, Таиланд және АҚШ-тан біздің елге оралған азаматтарға медициналық мониторингке алынады. Бұған қоса, еліміздегі медициналық ұйымдарда, интернаттарда карантин басталады, – дейді Елжан Біртанов.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях