Балалар үшін жаңа жыл мерекесінің орны бөлек, әрі бұл айтулы мейрамда сиқырлы әлемнің қызықтарын асыға күтетіндері де бар. Олар үшін ертегі кейіпкерлерімен асыр салып, Аяз ата мен Қарша қыздың көңіл аударып келуінің өзі бір қуаныш.
Бүгін осындай мерекелік көңіл-күйді сыйлаған аудан әкімі Жандарбек Далабаев аудан бойынша 71 бүлдіршінді құттықтап, қыстық киім мен тәттілерге толы жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. «Апорт» моллында –өткен шырша кешінде балалар үшін тосын сыйлар ұйымдастырылып, ойын-сауық бағдарламалары да қызықты өтті. Балдырғандардың шат-күлкісіне куә болған аудан басшысы олардың ертегі әлемімен қуанып жүргендерін де тамашалады.
Ал, оқушылар ертегі кейіптегі биылғы Ит жылымен қоштасып, келер жылдың символы болатын Доңыз жылын ерекше ықыласпен қарсы алды.
Мереке кеш иелері өздері дайындаған тақпақтарын айтып, Аяз ата қолынан сыйлақтарын да алды.
[su_custom_gallery source=»media: 6803,6802,6801″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]