«Шанс» орталығының семинары балалар және дінге арналды

«Шанс» орталығының семинары балалар және дінге арналды

Бүгін  «Достық» мейрамханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Право» қоғамдық қорының қолдауымен  Қаскелең қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, кәмелетке толмағандарға көмек көрсету орталығы  аймақтық семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Семинарды Қаскелеңдегі  «Шанс» орталығының директоры Жұлдыз Қыдырбаева  ашып, шараның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Аталған жиын «Деструктивті діни ұйымдардың құрбандарымен жұмыс. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын алу» атты қазіргі таңда қоғамда белең алған өзекті мәселеге арналыпты.  Осы тақырып кеңінен тарқата айту үшін  психология ғылымдарының докторы, Халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Наталья Фесенко лекция оқыды.

[su_custom_gallery source=»media: 14604,14605,14606,14607″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Бұл басқосуға  мектеп психологтары, аудандық ювеналды полиция және  пробация қызметкерлері  арнайы қатысты.  Олар бірге қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, жастар арасында діни экстремизмнің таралуын болдырмау мәселелерін талқылады.  Ал, бір күнге жоспарланған семинардың түстен кейінгі кезеңінде Наталья Федорқызы  халықаралық психология ғылымында танымал: Лоза тесті, Карпман үшбұрышы, Сынған терезе және тағы басқа осы сынды теориялардан ақпарат берді. Халықаралық дәрежедегі психолог  осы айтылғандар  түсінікті болу үшін жиналғандармен бірге  аталған теорияларды тәжірибе жүзінде қолданып көрді. Семинар-тренингтің соңында қатысқандардың барлығына  сертификаттар табысталды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях