Шамалғандағы газ бағасының мәселесін шешуге бір ай уақыт берілді

Шамалғандағы газ бағасының мәселесін шешуге бір ай уақыт берілді

Бүгінгі есептік жиынға жиналған шамалғандықтардың көбі округтегі газдың бағасына көңілдері толмайтындықтарын айтып, аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа наразылықтарын білдірді. Аудан басшысы бұл мәселе жақында ғана облыс көлемінде қаралып, алдағы бір-екі айдың мөлшерінде өзгерістер болатындығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Кездесу кезінде тұрғындардың барлығы дерлік аудандағы басқа округтер мен Қаскелең қаласын газбен қамтамасыз етіп отырған өзге компаниялар газдың 1 кубометріне 30 теңге алатын болса, Шамалғандағы  «Сигма» ЖШС 35 теңге алатындығын айтты. Бұған қоса оны үйге қостыру үшін көбінің қалтасы көтере алмайтын 400 мыңнан астам ақша қажет етілетіндігін жеткізді. Осыған байланысты шамалғандықтар аудан әкіміне бұл мәселені шешуді немесе қызмет көрсететін компанияны ауыстырып беруді өтінді. Жандарбек Ермекұлы бұл мәселе таяуда ғана облыста өткен жиында көтеріліп, облыс әкімі «Сигма» ЖШС-нің басшылығына бір ай уақыт беріп, осы мерзімде бағаны төмендетіп, екі жаққа да қолайлы шешім табуды тапсырғанын айтты.

Жиынға қатысқан аталмыш компанияның өкілі, бас инженері қазіргі газдың тарифы антимонаполиялық комитеттің растаған бағасына сай екендігін тілге тиек етіп, компания өз тарапынан ешқандай құқық бұзушылықтар жасап отырмағандығын айтты. Ал, облыс әкімінің берген тапсырмасын бүгінде компания басшылығы жан-жақты қарастырып жатқандығын айтты.

Бұл мәселенің шешімі бірінші тоқсанның аяғында өтетін жиында айтылатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях