Шамалғанда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

Шамалғанда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында бой көтерген бұл орталықтың мақсаты – қазақстандықтар арасында Ұлт Көшбасшысының еңбек және саяси жолын кеңінен тарату, сондай-ақ, өмірі мен қызметінің айшықты үлгілері арқылы өскелең ұрпақтың, жас буынның патриоттық тәрбиесін күшейту.

 Мерекелік күнге орайластырылған салтанатты жиынға ҚР Президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков, облыс әкімі Амандық Баталов, қоғам қайраткері, меценат Болат Әбішұлы арнайы келіп, қарасайлықтардың қуанышын бірге бөлісті. Алғашқы құттықтау сөзінде астанадан келген мейман Махмұд Базарқұлұлы әлем таныған елеулі мемлекет қалыптастыра білген Ұлт Көшбасшысының даналығы мен даралығына тоқталып, осындай танымал тұлға өмірге келген өлкенің қадір-қасиетін тілге тиек етіп, орталықтың ерекше рухани ордаға айналуына тілектестігін білдірді. Ал, өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы баршаны Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, «Туған жер» бағдарламасы аясында есігін айқара ашып тұрған бұл кешен халықтың Нұрсұлтан Әбішұлына деген ыстық ықыласының айқын көрінісі екенін алға тартып, тілеулес, ниеттес болған жандардың барлығына ризашылығын білдірді. Орталық құрылысына атсалысқан, демеушілік көрсеткен, қор толықтыруға үлесін қосқандарға облыс әкімі өз атынан Алғыс хат тапсырды. Ал, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының директоры Жәмилә Елгандиеваға қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Өз кезегінде барлық жетісулықтар атынан облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келімсейіт өскелең ұрпақ үшін маңызы зор игі іс үшін жомарт жандарға алғысын айтса, жастар атынан ортаға шақырылған Ушинский орта мектебінің оқушысы Шавхатов Дархан Елбасына арнаған өлеңін ел алдында тебірене оқып берді. Мерекелік жиын барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев ерекше сый ретінде орталыққа мемлекет басшысының 2001 жылы мінген қызметтік автокөлігін тарту етті. Бұл кешендегі ең бағалы экспонат екені анық. Мұнан соң қадірменді қонақтар орталық есігіне керілген қызыл лентаны салтанатты түрде кесіп, ақ әжелер шашу шашты. Жиналған көпшілік ғимарат ішіне еніп, мәдени-тарихи мекенді қызыға аралап көрді.    

 Жалпы көлемі 35000 шаршы метрді алып тұрған аумақтағы сәлеті мен дәулеті келіскен зәулім ғимарат жергілікті жұртшылықтың сұранысымен ел азаматтарының демеушілігімен салынған. Орталық бір қабаттан, төрт экспозициялық залдан тұрады. Оларда Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы, мектептегі кезі мен еңбек жолының басталуы, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еліміздің сыртқы саясаты көрініс тапқан. Яғни, мұнда Елбасының қоры мен кітапханасы, Тұңғыш Президент музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық Кітапханасы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі мен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық музейі берген құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар және басқа да экспонаттар хронологиялық ретпен орналастырылған. Әсіресе, Елбасына шетелдік көшбасшылар тарту еткен хаттамалық сыйлықтар үлкен қызығушылық туғызады. Кіре берісте республика картасының аясында танымал мүсінші Шамиль Қожаханов орындаған қола композиция орналастырылған орталықта сондай-ақ, Н.Назарбаевтың еңбектерінің, ол туралы түрлі авторлар жазған кітаптардың да үлкен топтамасы жинақталған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях