Таяуда Шамалған ауылдық округінде әкім сайлауы өткен болатын. Жергілікті тұрғындар саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде жаңа әкім ретінде Жандосов ауылының тумасы Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
[su_image_carousel source=»media: 44280,44278,44281″]
Осыған байланысты бүгін округ әкімдігіне аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров арнайы келіп, әкімдіктің ұжымына және ауылдың зиялы қауыма жаңадан тағайындалған әкімді таныстырып, Нұрсұлтан Джолдаспековтың жұмысына сәттілік тіледі. Аудан орынбасарынан кейін жиынға қатысқан ақсақалдар да сөз сөйлеп, жас басшының округтің дамуына үлкен үлес қосатындығына сенім білдіріп, ақ баталарын берді.
Айта кетейік, Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы қазан айының 18-і күні 1993 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында дүниеге келген. 2009 жылы аудандағы О.Жандосов атындағы орта мектебін тәмамдап, 2009 жылы Алматы қаласындағы Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатына түскен. 2011 жылы оны аяқтағаннан кейін Алматыдағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясына оқуға түсіп, «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы қызметінен бастаған. 2018 – 2020 жылдары аталған округ әкімі аппаратының бас маманы, 2020-2022 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып істеген. 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.