«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жоспарға сай атқарылып келеді. Кеше Алматы облысы «Тіл» әдістемелік орталығының аудандық филиалының латын әліпбиін меңгерген алғашқы лег түлектеріне сертификаттар берілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
[su_custom_gallery source=»media: 13277,13278″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Аталмыш мекемеде аймақтағы бюджеттік мекемелердегі мамандарға жаңа әліпбиді толықтай үйрету бір жарым айлық курсы тамыз айының алғашқы күнінен бастап жүргізілуде. Бұл бірінші оқыту курсында аудандағы халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары, қазынашылық басқармасы, орталық кітапхана, музейлер, орталық аурухананың әкімшілігінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда бірінші және екінші лекте барлығы 90-ға жуық адам тәлім алуда, оның 45-і дәл осы күні өздерінің үш айлық курстарын аяқтады. Сертификаттарды «Тіл» әдістемелік орталығының аудандық филиалының директоры Жанар Оразалиева табыстап, жаңа шыңды бағындырған білімгерлерге сәттілік тіледі. Кез-келген жаста қосымша білім деңгейін көтеру артықтық етпейтіні анық. Міне, бұл оқу орталығының тәлімгерлері де алған жаңа ақпараттары алдағы уақытта жұмыс барысында тиімділіктеріне асары сөзсіз.