«Сергек» камераларынан түскен айыппұлдар қайда кетіп жатыр?

«Сергек» камераларынан түскен айыппұлдар қайда кетіп жатыр?

Алматыда орналасқан «Сергек» камераларынан түскен қаржы қайда түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан «Сергек» камералары әлі де ереже бұзғандарды қатаң бақылап, айыппұл хаттамаларын тіркеп келеді. Алайда, одан түскен ақша «қайда кетіп жатыр» деген сауал қалаға кіріп-шығатын автөлік иелері мен тұрғындарды алаңдатуда. Осы мәселенің мән-жайы толық түсіндірілу мақсатында Алматының қоғамдық кеңесі талқылып, сөз етті.

Ресми мәліметке сүйенсек, «Сергек» бейнебақылаулардың арқасында 2020 жылдың басынан 60 теңгеден асатын сомаға 5 273 ереже бұзушылық тіркелген. 2962 хаттамаға сәйкес автокөлік иелеріне 25 теңгеден жоғары айыппұл да төленген. Бұл ақпараттарға сай Алматының қоғамдық кеңесінде біраз ойлар да айтылды.

–  Төленген айыппұлдар алдымен 100% бюджетке түседі, ал камералардың қызметі мен күтіміне қажетті қаражат келісімшарт бойынша төленеді, – деді Алматы Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Жандулла Шайхиев.

Бұл пікірді растаған «Сергек» камераларын дайындайтын компанияның өкілі Руслан Асаубаев та айыппұлдардың барлығы алдымен бюджетке баратынын мәлімдеді.

–  Біз камералардың қызметі үшін ғана ақша аламыз. Қазір мысалы, мемлекеттік сатып алу аясында Алматыдағы 404 кешенге қызмет көрсету үшін айына 53 млн теңге немесе әрбір кешен үшін 130 мың теңге аламыз. Бұл байланыс каналдары, электр қуаты, баптауы мен күтімі, өзіміздің инвестицияларымыз, – деді Р.Асаубаев

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях