Сенің денсаулығың – сенің қолыңда!

Сенің денсаулығың – сенің қолыңда!

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше, Қаскелең қаласындағы Аяжан колледжінде «Сенің денсаулығың – сенің қолыңда!» атты акция өтті. Аталмыш шараны Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы колледждің төртінші курс студенттеріне арнады.

Жиынды бастаған басқарманың бас маманы Нұржан Есімов алғашында жиылған мамандарды таныстырып, ұйымдастырылған шараның мән-маңызы туралы айтып өтті.

Кейін, ауданымыздың орталық ауруханасынан келген, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Дана Таждинова студенттерге денсаулық сақтау туралы бірнеше  ақыл-кеңес айтты. Атап айтсақ, күйзелісті басқару, алкогольдік ішімдіктің зияны, жаяу жүрудің пайдасы, артериялық гипертония ауруы және қоғамда маңыздылығы артып тұрған репродуктивті денсаулық туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, орталық аурухана психологы Әсел Қуатова өз кезегінде, студенттерге әртүрлі психологиялық тест жасап, қызықты нәтижелерімен бөлісті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях