Аудан орталығы Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл» ықшам ауданында өткен жексенбі күні халыққа тиімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің берген мәліметінше шара барысында 20-дан астам ауыл шаруашылық өнімдері 20 пайызға арзан сатылды. Жәрмеңкеде 1200 кг ет өнімі, 243 кг сүт өнімі, 2680 кг көкөніс түрлері, 15 мыңға жуық жұмыртқа саудаланған. Аудан аумағында орналасқан «Қазақстан құстары» ЖШС-і, «Арай», «Есдәулет», «Тайнир», «Аспан» шаруа қожалықтары өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынып, шараның ұйымдастырылуына ат салысқан.
[su_custom_gallery source=»media: 9414,9417,9418″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Азық-түлікті төмен бағада сатып алған тұрғындар, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты. Алаңға жиналған халықтың көп болуы өңірлік өнімнің сұранысқа ие екенін анық байқатты. Ұдайы ұйымдастырылып тұратын шарада ет пен жұмыртқаға деген сұраныс жоғары. Сондықтан, өнімнің осы түрі молынан әкелініп, қолжетімді бағамен сатылуда. Бұл біріншіден, өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, ел-жұрттың ақшасын үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта дәл осындай жәрмеңке екі рет өткізу жоспарланып отыр екен.