Ауданымызда қазір елімізде орын алып отырған ахуалға байланысты санитарлық топ құралып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Карантин аясында ауданымыздағы әр әкімдіктің жанынан санитарлық топ құралды. 245 санитарлық көмекшілерден құралған топтың мүшелері ауданымыздағы бірқатар нысандарды тексеріп, пандемияны алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында осы топқа әрқашанда көмек қолын созып, әр іске белсенді түрде араласатын ауданымыздың жастары да қосылды. Жастар санитарлық көмекшілермен бірге адамдар көп жиналатын жерлерде, мәселен, банктер, Қазпошта, Халыққа қызмет көрсету орталығында, сауда орталықтары сияқты басқа да нысандардын тазалығы санитарлық нормаға сай екендігін тексерісіп жүр. Сондай-ақ, олар осындай орындарға келген адамдардың қорғаныш бетпердесін тағып, және де бір-бірінен қажетті арақашықтықты қаншалықты сақтап жүргендерін бақылап, маска тақпағандарға вирустың қауіптілігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Аталмыш топтың мүшелерінің мәлімдеуінше, бұндай тексеріс әрі ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.