Салтанатты түрде шығарып салды

Салтанатты түрде шығарып салды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде, көктемгі шақырылым бойын­ша, қарасайлық бір топ жас жігіттері Отан қорғау міндетін өтеуге салтанатты түрде шығарып салынды. «Сарбаздарым ел сенімін ақтаған» тақырыбында өткен іс-шара 7 мамыр – отанқорғаушылар күні мен Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 25 жылдығына орайластырып өткізілді.

Сонымен, мерекелік басқосу барысында сарбаз сапында тұруға бет алған балаларға Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Талғат Күзембаев пен аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ұйымдастырушылар мен ата-аналар оларға жақсы тілектерін білдірсе, ҚР Қарулы Күштерінің еңбек сіңірген ардагері, полковник, даңқты «Қара майор» Борис Керімбаев пен Ұлы Отан соғысы ардагері Федор Федотов ақ батасын берді. Ал, генерал-лейтенант Болат Дарбеков патриоттық рухты көтеретін жігерлі сөздер айтса, аталмыш бөлімнің басшысы Анарбай Тлеулиев әскерге аттанушыларға арнайы сый-сияпаттар табыстап, осы бөліммен тығыз байланыста жұмыс жасап, қолдау көрсетіп жүрген мекемелердің өкілдеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің дамуына үлесін қосқан азаматтарды мерекелік медальмен марапаттады.

Бұдан бөлек, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің әскери оркестрының сүйемелдеуіндегі арнайы дайындалып келген мектеп оқушыларының өткізген шеруі жиын сәні мен салтанатын арттыра түсті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях