Салалық кәсіподақ ұйымдастырған сайыс

Салалық кәсіподақ ұйымдастырған сайыс

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше В.Белинский атындағы орта мектепте, аудандық білім қызметкерлерінің «Ағартушы» кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен,  волейбол мен шахмат ойындарынан жарыс өтті. Онда ауданның барша мектептерінен келген мұғалімдер бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатына арналған сапқа тұруда аталған салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сара Байбосынова, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақыт Иманбеков және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Валерий Хациев сөйлеп, ойын ережелерімен таныстырды, спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Мұғалімдердің ойқастап тұрып ұрған доптары көздеген жерлеріне шегедей қадалғанын қарағанда, ұстаздық шеберліктері ойында да көрініс тапқандай болды. Айта кетерлігі, жылда өткізілетін мұндай сайыстың бұл жолғысы аудандық кәсіподақ комитеті ұсынған түскі аспен ерекшеленді.

Жарыстың қорытындысымен бөлісер болсақ, волейбол ойынынан бірінші орынды «Үшқоңыр» командасы алса, екінші орынды қаскелеңдіктер, ал, үшінші орынды Райымбек ауылдық округінен келген ұстаздар иеленді.

Қыздар арасындағы шахмат ойынының нәтижесінде «Қаскелең» командасы бірінші, «Жетісу» арулары екінші және Шамалған бекетінен келген қыздар үшінші орынға ие болды. Ал, ерлер арасындағы алатақта арпалысында жетісулықтар бірінші орын, «Райымбек» командасы екінші болып, Алмалыбақтан келген шахматшылар үшінші орын алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях