Салқын бөлмеге баланы жалаңаш қамаған тәрбиеші жазаланбады

Салқын бөлмеге баланы жалаңаш қамаған тәрбиеші жазаланбады

Павлодардағы жеке балабақшада болған оқиғаға кінәлі тәрбиеші жұмыстан шығарылмады. Басты себеп – оның аяғы ауыр. Әзірге тәрбиеші мен оның әріптесі уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

– Оларға қатаң сөгіс беріп, жұмыстан шеттеттік. Тәрбиешінің көмекшісі қызметіне сәйкес еместігі туралы бап бойынша шығарылды. Мен тәрбиешіні заң бойынша жұмыстан шығара алмаймын. Өйткені оның аяғы ауыр. Бірақ ол өз өтінішімен жұмыстан кететінін айтты, – деді балабақша меңгерушісі Надежда Данковская.

Бұған дейін балабақша қызметкерлеріне қатысты басқа шағымдар түспеген. Ата-аналар тәрбиешілердің жұмысына сын айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғыны 2 жасқа толмаған қызын 40 минут бойы салқын бөлмеге қамағанына шағым білдірген еді. Бұл келеңсіздік балаларда жаппай іш ауруы пайда болған соң анықталды. Ата-аналар бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді талап еткенде осындай жағдай белгілі болды.

Баланың анасы Алина Омарова прокуратураға, полицияға арыз жазды және тәрбиешіні сотқа беруге бекініп отыр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях