«Сүйінбай сазы» ансамблінің концерті

«Сүйінбай сазы» ансамблінің концерті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарасай аудандық мәдениет үйінде, Жамбыл аудандық мәдениет үйі жанындағы «Сүйінбай сазы» фольклорлы- этнографиялық ансамблінің үлкен концерті болды.

Бұл көршілік қарым- қатынасты жандандырып, жақсартуға бағытталған Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев пен Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың өзара келісімімен жүзеге асқан игі істің бірі еді.

… Концерт ансамбль құрамындағы «Бабалар сазы» тобының орындауындағы Бауыржан Ақтайдың «Алаш аманаты» музыкалық композициясымен басталды.

Құрылғанына небәрі үш жылдан аса уақыт өткеніне қарамастан, аталған өнер ұжымы бірқатар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда оза шауып, лауреат  атанған.

Концертте Дәулеткерейдің «Көроғлы»,  Қазанғаптың «Ақжелең», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалды. Әдемі әндер айтылып, керемет күйлер тартылды. Қыздары әсем билерімен елді риза етті. Сонымен қатар, көрермен назарына күй тартыс ұсынылып, термелер айтылды. Ақбота Серікқұлова, Мәди Дәуренұлы, Гүлназия Жұмажанова және т.б әдемі де әсем дауыстарымен көрермен көңілінен шықты. Концертте, сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевтің сөзіне жазылған Бауыржан Есебаевтың «Әкелерім- ай» әні орындалды.

Бұл ансамблді Махаббат Бигелдиевтің Жамбыл ауданының әкімі кезіндегі жүйелі жүзеге асырған керемет ісінің бірі деп атап айтуға болады. Яғни, әдебиетті, өнерді өте сүйетін Махаббат Сәдуақасұлы бұл өнер ұжымының өмірге келуіне ақ жол ашқан. Өнерге, шығармашылыққа өте жақын ол кісі үнемі осындай істерімен көпті қуантып жүргенін елдің бәрі біледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях