Құрылыс нысандарында болды

Құрылыс нысандарында болды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Кеше «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мектептердің құрылысында болды. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланып жатқанын, уақтылы берілуін және құрылыстың сапасын толық бақылап, тексеріп қайтты.

Ең алдымен партия басшысының бірінші орынбасары Жаңашамалған ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысында болды. Бұл нысан өткен жылдың қыркүйек айында басталып ағымдағы жылдың 16 желтоқсанда қолданысқа берілмек екен. Бүгінде оның құрылысына 200 адам жұмылдырылып, қызу жұмыс жүруде. Ал, Шалқар ауылындағы мектептің құрылысы 95 пайызға аяқталып, ендігі аптаның дүйсенбісінде ресми ашылуы өтпек. Жалпы, екі мектепті толық аралаған партия төрағасының орынбасары Ықылас Амалбек «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан білім ордалары алдағы уақытта да нұротандықтардың назарында болатынын айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях