«RuMa Farm» – Қазақстандағы хирургиялық жіптерді өндіретін алғашқы компания (Видео)

«RuMa Farm» – Қазақстандағы хирургиялық жіптерді   өндіретін алғашқы компания (Видео)

Хирургиялық тігетін материалдардың жетіспеушілігіне тап болған жоғары санатты хирург, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Азат Маханбетжанов оларды өз бетінше шығаруға шешім қабылдады. Осылайша әзірге Қазақстандағы жалғыз өндіріс орны – «RuMa Farm» ЖШС-і құрылды.
Аталған компания 2015 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді.  Басында бұл кәсіпорын өз жұмысын Жамбыл облысында, жалға алынған жерде бастаған еді. Ал, олар  2017 жылы өз ғимаратын салып алған ұжым Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық округіне қоныс аударды. Алғашында мұнда бес адам қызмет істесе, бүгінгі таңда оның саны  33-ке жеткен. Оның үстіне жұмысшылардың 90 пайызы жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары.
Жалпы, кәсіпорынның алып жатқан аумағы екі гектарды құрайды.  Ғимараттың аумағы – 705 шаршы метр. Өндірістік қуаттылығына келер болсақ, олар жылына 10 түрлі 3 млн дана хирургиялық тігу материалдарын жасап шығарады. Ол үшін алдын ала  ұзындығы 0,40– 0,9 метр болатын жіптер  инемен қолдануға, ал, 1,5–20 метр материалдар инесіз жұмыс істеуге  дайындалады.
Бүгінде «RuMa Farm» ЖШС-і отандық медицина саласының сұранысының  40%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. 2022 жылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру жоспарлануда.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях