Рухани керуен Қарасай ауданында

Рухани керуен Қарасай ауданында

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жетісу өңірінің орталығынан бастау алған «Рухани жаңғыру» керуені бүгін Қарасай ауданына келіп жетті. Алматы облыстық дін істері басқармасы Елбасының биылғы жылы сәуір айында жария еткен бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырған бұл игі шара әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихын құрметтеп, діні мен ділі жайындағы таным-түсініктерін молайтып, жалпы рухани сананы жаңғыртуды көздейді. Керуеннің құрамында тәжірибесі зор, біліктілігі мол әр түрлі саланың 50 маманы бар. Олар халық арасында тәлім-тәрбиеге толы келелі басқосулар, мерекелік жиындар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Қарасай жеріне аялдаған керуенді аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева бастаған аудан активі, зиялы қауым өкілдері, діни бірлестіктердің басшылары қарсы алып, алдымен, жұмыс тобы Наурызбай батыр ескерткішіне және орталықтағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Мұнан кейін, барлығы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен «Дінаралық татулық – болашаққа қадам» атты жиында бас қосты.

Онда Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтың, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиясқар Сарыбаевтың «Рухани жаңғыру» туралы кең көлемді баяндамалары тыңдалды. Ұлттық сана, дін мен  салт-дәстүр бөле-жара қарастыруға келмейтін егіз ұғымның бөлшегі екені, Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде зайырлы мемлекетіміздегі татулық елдің қай салада да ілгері дамуына септігін тигізіп отырғаны, өскелең ұрпақтың дінге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына ықпал ету, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымызды уақыт талабымен сабақтастыра отырып, рухани жаңғыру, тағы да басқа көптеген өзекті дүниелер бұл ретте тақырыпқа тұздық етілді.

Бұл бас қосудан соң керуендегі жұмыс тобының мүшелері әр жерлерде түрлі жиындар өткізді. Атап айтқанда, бір мезгілде, яғни, түске дейін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жастар «Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасса, орталық кітапханада «Ұлттық рух: рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ардагерлермен  кездесу, дінтанушы ғалымдармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде деструктивке шалдыққан отбасы мүшелерін қоғамға бейімдеу жолдарын қарастыруға арналған арнайы мамандармен кездесу өтіп, ал, аудандық ауруханада діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен жұмыс жүргізілді. Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын орталық базарда «Рухани жаңғыру: туған жер – алтын бесік» тақырыбында сурет және кітап көрмесі, Алтын ауыл мектебінде діни бірлестік жетекшілерінің спорттық жарысы ұйымдастырылды және т.б.

Ал, кешкісін, аудандық мәдениет үйіне жиналған көпшілік шағын концерттік бағдарламадан соң, «Дертке дауа – хақ жолы» атты әлеуметтік драманы тамашалады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях