Өрт салдарынан үйінен айырылған отбасы далада қалуы мүмкін

Өрт салдарынан үйінен айырылған отбасы далада қалуы мүмкін

Таяуда Жібек Жолы ауылдық округіндегі Қараой көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, тілсіз жаудың салдарынан Турениязовтар отбасы баспанасыз қалды. Қазіргі таңда олар аядай екі бөлмелі веранданы жалдап отырған туыстарының үйінде 10 адам болып тұрып жатыр. Жергілікті әкімдікке де, қайырымдылық қорларына да жүгінген жанұяға бүгінде қандай көмек көрсетілетіні әлі де белгісіз, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Naqty.kz (@naqty.kz)

Кейбір құжаттардан басқа дүние-мүлкінен дым қалмаған отбасы бүгінде тілсіз жаудан зардап шеккендерге берілетін бір реттік қаржылай көмекті алу үшін құжаттар жинастыруда. Алайда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қилыбаевның айтуынша, аталған қаражатты алу үшін бекітілген ережеге сәйкес, еңбекке қабілетті отбасының мүшелері толықтай жұмысқа орналасуы қажет. Бірақ та, Турениязовтар үшін бұл дәл қазіргі уақытта орындалмайтын талап болып отыр.
Аталған мәселе жақында округте өткен аудан әкімінің есептік кездесуінде де көтерілген екен. Жиын барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Айнабеков көмек ретінде 1 млн. қаражат береміз деген, алайда, ол ақша бір айдан кейін бе, әлде бірнеше айдан кейін бе нақты қашан берілетіне белгісіз.
Тілсіз жаудың салдарынан зардап шеккен Турениязовтар әулеті бүгінде не істерлерін білмей жан-жаққа жүгініп жүр. Ал, жоғары да аталған көмектің нақты қашан келетіні әзірге басы ашық сұрақ.

Каспи голд нөмірі: 8​ 700​ 156 10 09
Күнсұлу С.
@akimat_zhibek_zholy @karasaymaslihat

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях