Өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара атқарылуда

Өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шара атқарылуда

Бүгін Қарасай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ауданның Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, аудан тұрғындарына жылыту маусымы кезінде тұрғын үй секторларында  өрт қауіпсіздігі және жаңа жылдық мерекелерді өткізуге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Атқарылған іс-шарада қарасайлықтарға пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері айтылып, оқыс оқиғаға қатысты ескертпелер жасалды. Нақты айтқанда, рейд барысында еріктілер 345 үйді аралап, 756 адамды пайдалы ақпаратпен қамтыды. Сонымен қатар, олар өрт қауіпсіздігі бойынша 400 жадынама парақтарын таратты.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәлімдеуінше, осындай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Сондай-ақ, мамандар тілсіз жауға кезінде халықтың қауіпсіздігі басты назарда екенін жеткізуде.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях