Қуаңшылық кезінде құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерге шөп жеткізген Құрмет Талапқазыға кеше жаңа баспана сыйға берілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Құрметтің жаңа қонысы Шымкенттің Ынтымақ деген шағын ауданында орналасқан. Бұл үйде барлық жағдай жасалған. Табиғи газ қосылып, ауыз су жүйесі тартылған.
Баспанасыз жүрген Құрметтің жағдайына алаңдағандардың бірі белгілі журналист Мақсат Толықбай еді. Оның жағдайына алаңдап осындай бастама көтерген.
– Құрмет Талапқазы «Құрмет» грамотасына лайық еді» деген әлеуметтік желіде пікір көбейіп кетті. Көпшілік «Халық болып баспана сыйлайық» деген ойларды да айтты. Тіпті, бұл пікірлерге мені белгілеп жазып жатты. Сондықтан тәуекел етіп бастап кеттік. Екі күнде 9 млн теңгеден астам қаражат жиналды.
Белгілі меценат Дулат Тастекеев «қанша жинайсыңдар сонша қаражат қосып беремін» деген уәдесі бар еді. Жалпы 19 млн-дай қаражатқа үй алдық, – деді журналист Мақсат Толықбай.
Кеше Құрметтің жаңа үйінде құрбандық шалып, Құран оқытылды. Жаңа жылдан кейін Шымкенттегі оқуында тегін жалғастырады. Ендігі мақсаты – Алтайдың ар жағындағы әке-шешесі мен бауырларын елге көшіріп алып келу.
– Халыққа рахметімді айтамын. Жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақшы едім, қаражатты қолыма бермей, үй алып берді. Игі іске ұйытқы болған Мақсат Толықбай, Дулат Тастекеев ағама және барша халыққа рахметімді айтамын. Алдағы уақытта отбасымды алып келіп, мал шаруашылығымен және саудамен айналыссам деген ойым бар, деді қуаныш иесі Құрмет Талапқазы.
Еске салсақ, Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы еліміздің батысындағы қуаңшылыққа тап болған малды ауылдарға жем-шөп жіберу үшін бүкіл жұмысын тастап, қоғамдық бастамаға мұрындық болған еді.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать