Ретсіз саудаға рейд жалғасуда

Ретсіз саудаға рейд жалғасуда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ретсіз саудамен күрес жалғасуда.  Әп-сәтте жайма базар жасайтын жұршылықтың жүгенсіздігін тоқтату үшін жергілікті билік пен құзырлы органдар тағы да тексеріс өткізді. Арнайы құрылған комиссия өкілдері өткен аптада Каскелең қаласындағы  жайма базарларын ретке келтірген еді. Бұл жолы да аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаевтың төрағалығымен кезекті рейд ұйымдастырылды. Әдеттегідей аудандағы «Атамекен» ҰК палатасының филиалы, сәулет және қалақұрылысы,  кәсіпкерлік бөлімдері, мемлекеттік кірістер, қоғамдық денсаулықты сақтау және ішкі істер басқармаларының өкілдері,  Қаскелең қаласы мен Ұмтыл, Шамалған ауылдық округтерінің мамандары бірлескен комиссия жұмыстарын трасса жағалауынан бастады. Алдымен, Қаскелең қаласының шыға берісінде орналасқан Солтүстік айналымдағы жол бойын жайлап алғандар әңгіменің арқауына айналды.  Кез-келген жерде сауда жасау  санитарлық талапқа қайшы екендігін көпшілігі білмейді. Ең, өкініштісі, жабайы жаймаларда сатылатын тауарлардың сапасына да ешкім мән бермейді.

Басында жол бойындағы тапқан табыстарынан мемлекетке салық төлеуден бас тартатын саудагерлермен аудан әкімінің орынбасары Дулат Мұратұлы сөйлесіп, жағдайларымен кеңінен танысты. Сол жердегі ағайындардың айтуларынша атадан қалған кәсіп болмағандықтан, қазіргі нарық заманында осылай нәпақа тауып жүр екен. Заңды білмеулері кедергі келтіріп, ай сайын айыппұл төлейді. Бұл олқылықты түзеудің оңай екендігін айтқан комиссия мүшелері мәселенің мән-жайын түсіндірді. Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, үш айдан алты айға дейін патент алып, тауар алған жерлерінен фитосанитарлық қағазын талап етсе болғаны. Осы жағдайларды орындаған саудагерлер аудандық әкімдіктен ұсынған маусымдық ашық сауда  орындарында еркін жұмыс жасауына болады.

Арнайы жұмыс тобы келесі кезекте, Шамалған ауылына бет бұрды. Ауыл орталығы саналатын Жібек жолы көшесінің бойындағы бейберекет шашылған құрама жем сататын нүктесі бірден көзге түсті. Тексере келе саудагердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелменгендігі анықталып, құзырлы органдардың шешімі бойынша уақытша жабылды. Сонымен қатар, Жібек жолы мен Әділбекова көшелерінің қиылысында орналасқан нан пісіретін дүңгіршектің құжаттарының толық болмауына байланысты, уақытша жұмысын тоқтатты.

Ал, Алмалыбақ ауылының көрінісі тіптен бөлек. Ойдым-ойдым жолдары жөнделіп, оқтай түзу көшеге өң  кірсе де, сауда-саттығы санитарлық жағынан сын көтермейді. Жаяу жүргінші жолына дейін саудасын жайып салып жайбарақат отырғандарға қайран қалмасқа шараң жоқ.  Жалпы, ортақ мақсаттағы қолға алынған коммуналдық базарлар құрылып жатса, арзан өнім алудың жолы ашылып, заңсыз сауда саябыр табар еді деген тұрғындардың ұсыныстарын комиссия мүшелері ескеріп, бұл жағдайдың алдағы уақытта қолға алатындығы жайлы айтылды.

Рейд барысында жоғары айтылған тапсырмалардың орындалуын  қадағалауды жергілікті әкімдіктерге тапсырылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях