Аудан орталығы – Қаскелең қаласында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі, психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арналған, «RAKHYM» атты реабилитациялық орталығы 2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне орай арнайы шара ұйымдастырды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі
Сыңғыр күлкілі сәбилеріміздің барлығы бақытты болуға лайықты. Өкінішке орай қоғамда өздігінен жүгіріп, секіріп ойнай алматын балдырғандар да бар. Ортадан жырақ қалған балалар ерекше күтім мен қолдануға зәру. Кейбіреуі үнемі медициналық қызметкер мен педагогтың назарында болуы тиіс. Ал, оларға арналған арнайы мекемелердің саны шектеулі. Солардың қатарында ауданымыздағы Раушан Байтанова мен Бекет Әбілов атты құрылтайшылардың ұйытқы болуымен ашылған «RAKHYM» орталығы да бар. Бұл жерде 40-тан аса бала тегін ем қабылдау да. Олардың денсаулығына ғана мән беріп қоймай, өздері қатарлас замандастарымен қатар дамуларына қолғабыс етілуін басты назарына алған директоры Ұлтай Бархинова олардың әрқайсысына ерекше мән береді.
[su_custom_gallery source=»media: 8638,8639,8640,8641″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жиынға орталықтағы ем қабылдаушы балалар, олардың ата-аналары мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қыйлыбаева қатысты. Шара барысында науқас балаларға қуаныш сыйлау үшін концерт қойып, бірлесе флешмоб билеп, аниматорлар да көңілдерін одан әрі көтерді.