Мемлекеттік рәміздер күні аясында ашық сабақтардың да берері мол, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Өздеріңізге белгілі болғандай, 4 маусым – «ҚР рәміздер күніне» орай осыған дейін еліміз бойынша түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып келген еді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бүгінгі айтулы күн Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалының бастамасымен насихатталып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Жалпы, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер болып Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 4 маусым «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
[su_custom_gallery source=»media: 10361,10362,10364,10365″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жоғарыда айтқандай, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында өткізілген ашық сабақ қазақ тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді. Екі тілде жүргізілген сабақтың мұғалімдері аудандық тіл орталығындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сағымбекова Фатима Төлегенқызы және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Алтынбаева Гулдана Темірханқызы болды. Сабақтың мақсатын ашық айтар болсақ, жаңа тақырып туралы білім беріп, тыңдаушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, одан әрі сөйлесу дағдыларын арттыру болып табылады. Сонымен қатар, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын кеңейту. Ашық сабақ барысында тыңдаушылар өз тараптарынан қойған сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын да ортаға салды.