Ресей елінің басшысы Владимир Путин өзінің Халыққа жолдауында тұрғындарды коронавирустан өздерін және жақындарын қорғауға және үйде болуға шақырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы zakon.kz пен Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
– Барлық айтылып жатқан ұсыныстар сақталуы керек, өзіңізді және жақын адамдарыңызды қорғаңыздар! Қазір ең қауіпсізі – үйде болу, маған сеніңіздер! – деді Ресей Президенті «Россия 24» телеарнасындағы тікелей эфирінде.
Covid-19 ауруының таралу қаупіне байланысты ол келесі жұмыс аптасын демалыс деп жариялады. Демалыс күндері 28 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 658-ге дейін өсті, 29 адам сауығып шықты. Ресей басшысы көптеген елдерде әлі де індетті жұқтырушылар санының өсуі байқалып отырғанын атап өтті.