Пробация есебіндегі сотталушының жеңіл жазасы қатаң түріне ауыстырылды

Пробация есебіндегі сотталушының жеңіл жазасы қатаң түріне ауыстырылды

Бүгін Қарасай аудандық сотында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушының бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ашық сот процесі өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Сот отырысына Қарасай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысып, заң алдында жауапты сотталушының бас бостандығынан айырылу туралы Қаулысын тыңдады. Белгілі болғандай, осы жылдың сәуір айында ҚР Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес, яғни, тонау фактісі бойынша Қызылорда облысының тумасы кінәлі деп танылып, 3,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осылайша оған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылу және пробациялық бақылау белгіленген. Алайда сотталушы Қарасай аудандық пробация қызметінің бөліміне есепке тұруға келмеген. Заңға бағынбаған кінәлі азаматқа кейін Қарасай аудандық сотының Қаулысымен іздеу жарияланды. Нәтижесінде Қарасай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде сотталушыны «Барлық» базарында ұстаған. Енді бүгін Қарасай аудандық пробация қызметінің бөлім бастығының ұсынысы бойынша заң алдында жауапты азаматтың жазасы қайта қаралып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы ауыстырылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях