Президенттің бес бастамасы талқыланды

Президенттің бес бастамасы талқыланды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жақында жарияланған Елбасының халыққа жолдаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қоғамда қызу талқыға түсуде.

Бүгін осы бес бастаманы насихаттау мақсатында, Қаскелең қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, ауданымыздың орталық кітапханасында ардагерлер кеңесі мүшелерінің, қала тұрғындары мен жастардың және түрлі этно-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Бас қосуды қалалық әкім аппаратының бас маманы Әмина Абдраманова жүргізіп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өтесін Құбиев, «Немере» мектебі директорының орынбасары Бұлбұл Алиханқызы, балалар кітапханасының қызметкері Татьяна Гончаренко құрметті қонақ ретінде қатысып отырды.

Шара басында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөнінде баяндама тыңдалып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қыдыралиев сөз алды. Өз сөзінде ол жастарды Елбасы ұсынған әлеуметтік бес бастамада көрсетілген жоғары оқу орындарындағы гранттарды пайдалана білім алып, болашақта ел тізгінін ұстайтын кәсіби шыңдалған азаматтар болуға шақырды.

Ал, Қаскелең қаласы бойынша ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө.Құбиев жиылған қауымға жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамалар аясында ой өрбітті. Сондай-ақ, бұл – біздің қоғамның бірлігін нығайту үшін жасалған жағдай екендігін айтып, нақты іске кірісу керектігін де тілге тиек етті.

Одан соң сөз тізгіндеген «Ахысқа» түрік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Мансур Милазов түрлі ұлт өкілдерінің өте күрделі, қилы замандардан өту кезеңіндегі қазақ халқының көрсеткен қолдауы мен зор құрметі үшін алғысын білдірді.

Қорыта айтқанда, Президенттің жаңа бастамалары жиынға қатысушылар қатысушылар тарапынан үлкен қолдау тапты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях