Президент күні партия филиалында меркеленді

Президент күні партия филиалында меркеленді

Sorry, this entry is only available in Русский.

Тұңғыш Президент күнін ауданымыздағы нұротандықтар да сән-салтанатымен қарсы алды. Кеше партияның аудандық филиалы ғимаратында ұйымдастырылған «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік жиынға келген көпшілік алдымен Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін бейнефильмді тамашалады.

Ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамытуда елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алған Президентіміз тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ, Еуропа төріне шығарып, бүгінде мемлекетіміз Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен елге айналды. Елордамыз – Астананың өзі бүгінде біздің егемендігіміздің символына айналғандай. Өйткені, аз уақыттың ішінде атқарылған зор еңбектің нәтижесінде бас қала бүгін әлем таныған жас қала болды. Биыл онда өткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі еліміздің де, Астанамыздың да абыройын асқақтата түсті. Осыдан 20 жыл бұрын Елордады сайын Сарыарқаның жеріне көшіру шешімін Елбасының қандай көрегендікпен қабылдағанын әлем саясаткерлері бүгінде тамсана әңгіме етуде. Бейнефильмді тамашалап отырғандар да осы айтылғандардың барлығына тағы бір мәрте көз жеткізгендей әсер алды.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ықылас Амалбек алдымен филиал төрағасы Махаббат Сәдуақасұлының атынан барша жиналғандарды құттықтап, партия лидері, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан игі істер жайында әңгімеледі. Барша нұротандықтарды ел дамуы жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ, партия белсендісі, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов та жастарға жылы лебізін, ақыл-кеңесін жеткізе келе, Мәңгілік Елде мәңгілік бейбітшілік болуына тілектестігін білдірді. Мұнан соң аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев Тұңғыш Президент күніне орай партия қатарына қабылданған жаңа мүшелеріне партиялық билеттерін табыс етті. Мұнан соң Ықылас Еркінұлы бірқатар партия белсенділеріне партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға үлес қосқаны үшін өз атынан Құрмет Грамотасын ұсынды. Ал, барлық марапатталушылар және партия билеттерін алғандар атынан аудандық кірістер комитетінің бас маманы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Дәурен Марсұлы мінбеге шығып, алғысын жеткізіп, алда да партиялық бағдарламалар мен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жолында аянбай тер төге беретіндіктерін жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях