Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларға арналған тегін спорттық секциялар жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаттығулар «Динамо» ведомстволық спорт кешенінің базасында өтеді.
Тегін секциларға аптаның алғашқы күнінде-ақ 60-тан астам бала жазылып, бүгінде олар дзюдо, волейбол және ауыр атлетикамен айналысуда. Жасөспірімдерге сабақтарды көптеген танымал спортшыларды дайындаған еңбек сіңірген тәлімгерлер мен спорт шеберлері жүргізеді. Мұнда сабақтар аптасына 2 рет өтеді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша бұл спорттық секциялар тіркеуде тұрған жасөспірімдер, жетім балалар, сонымен қатар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларына арналған. Олар өздерінің бұл қадамдары арқылы қазіргі өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға және де елімізде жаңа чемпиондардың пайда болуына ықпалдасамызды деп сенеді.