Парламент мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов аудан тұрғындарымен кездесті

Парламент мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов аудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов Қарасай ауданына арнайы іссапармен келіп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Халық қалаулысының тұрғындармен кездесуі алдымен Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында өтті. Бұл жиын барысында шамалғандықтардың тарапынан біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан «Сигма-газ» ЖШС-нің жұмысын дұрыс атқармауы, ауыз су тапшылығы, интернеттің істемеуі сияқты мәселелер көтерілді.

[su_custom_gallery source=»media: 43250,43251,43252,43253″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Депутат газға қатысты жағдайды білетіндігін және ол бойынша атқарылып жатқан жұмыстар оның назарында екенін айтып, өзгерістер болып жатса тұрғындарды хабардар ететіндігін жеткізді. Ал судың мәселесі келесі жылы «Қаскелең су топтамасы» жобасы арқасында шешімін табатынын түсіндірді.

Интернет бойынша жергілікті әкімдіктің өкілі жауап берді. Бүгінде келенсіздіктер шешілгендігін, бұған қоса Tele2, Activ операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Мәжілс депутатының тұрғындармен кездесуі ауданның орталық кітапханасында өтті. Оған мәдениет, спорт, музей және кітапхана қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында аталмыш саланың өкілдері өз салаларындағы мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жалпы екі кездесудің соңында ауданға арнайы іссапармен келген Мәжіліс депутаты Данияр Алдабергенұлы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, айтылғандардың барлығын өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях