Парламент Мәжілісінің депутаты ауданға келді

Парламент Мәжілісінің депутаты ауданға келді

Бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Әлімбаев келіп, бірқатар маңызды мекемелердің жұмысымен танысып қайтты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Алдымен халық қалаулысы көптеген әйелдер мен балаларға көмек көрсетіп келе жатқан «AZAMATSHA KZ» қайырымдылық қорының тыныс-тіршілігіен танысты. Аталмыш ұйым бүгінде 300-ге жуық әйелге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп үлгерген. Бұған қоса қор көптеген мұқтаж отбасыларды азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен де айналысып келеді.

Халық қалаулысы мұндағы бухгалтерлік есеп пен компьютерлік сауаттылыққа үйретуге және балаларды дамытуға арналған бөлмелерді аралап шықты. Аталмыш мекеменің директоры Мадина Саутбекова Данияр Кеғазыұлына ғимараты көрсете отырып, бұның бәрі көмекке мұқтаж әйелдерге сауаттылықтарын ашып, бір мамандықты игеріп, алдағы уақытта өздерін өзі жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

Одан кейін Мәжіліс депутатының іссапары Қаскелең қаласындағы заманауи Сүлейман Демирел атындағы жоғарғы оқу орнында жалғасын тапты. Университеттің ғимаратын аралау барысында халық қалаулысы мұндағы оқу кабинеттерінен бөлек, елімідегі ең ірі банктерінің бірі «Halyk Bank» пен бірлесіп ашқан «Халық академиясымен» және студентерге қызмет көрсету орталығымен танысты. Заманауи, қажетті технологиялармен жабдықталған университетпен танысып шыққан Данияр Әлімбаев оның жұмысына «тамаша» деген баға беріп, ректоры Давронжон Гаиповқа алғысын білдірді.

Бұдан соң жұмыс сапарының бағдарламасына сай Мәжіліс депутаты ауданымыздың барлық аймақтарын толықтай сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Қаскелең су топтамасының» жұмысынмен де танысып қайтты.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях