Парақорлықты болдырмау – партияның басты бағыттарының бірі

Парақорлықты болдырмау – партияның басты бағыттарының бірі

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жең ұшынан жалғасқан парақорлықты жою – еліміздегі басты саяси күштің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы орайда, бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Оған мәслихат депутаты Қ.Баяманов төрағалық етіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Олар бойынша, «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасы аясында, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен әділет басқармасының үстіміздегі жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Өз кезектерінде аудандық ХҚКО-ның маманы Рустам Сисенов пен  аудандық әділет басқармасының бас маманы Ренат Сисенбаев қазіргі таңда өздері қызмет ететін мекемелерде де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілетінін, оның аясында түрлі бас қосулар ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері тұтынушыларды қабылдау барысында және басқа да іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді обьективті түрде қарап, заңнамаға сүйеніп, шешім қабылдайтын айтты. Келушілер тарапынан ешқандай материалдық игіліктерді, қызмет түрлерін және басқа да артықшылықтарды қабылдап, өз міндеттерін асыра пайдаланбайтынын жеткізді. Осы күнге дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бар фактілердің анықталмауы соған дәлел болса керек.

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ы.Амалбек бастаған комиссия мүшелері баяндамашыларды мұқият тыңдап, кейбір мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды. Соңынан тиісті қаулылар қабылданды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях