Отбасын қолдау апталы басталды

Отбасын қолдау апталы басталды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында, Отбасын қолдау апталығы басталды. Осыған орай, республикалық желілік кестеге сәйкес партияның мәжіліс залында аудандық білім бөлімімен бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Мансия Буданова төрағалық еткен жиынға партия қызметкерлері Ералы Рахметқожаев, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Әйгерім Ахметова және аудандағы үлгілі, көпбалалы, интернационалды отбасылар қатысты. Басқосу барысында шаңырақ астындағы құндылықтар туралы сөз қозғалып, слайд шоу көрсетілді. Бұдан бөлек, кейбір отбасыларға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимованың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях