Қалыптасқан жағдайға байланысты құзырлы министрлік жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның аясында күнделікті әлеуметтік желілер арқылы онлайн сұхбаттар мен жаттығу жұмыстары көрсетіледі. Бұған қоса, әртүрлі тақырыптағы дәрістер мен сабақтар ұйымдастырылады. Жобаға саладағы айтулы тұлғалар қолдау білдіріп, оның сәтті жүзеге асуына атсалысып жатыр. «Біз біргеміз» және «Алға Қазақстан» деген ұрандармен қолға алынған бастама карантин уақыты аяқталғанға дейін жалғасады.
– Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа жобасы басталды. Мысалы, мәдениетте «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бар. Спортта «Біз біргеміз», «Алға Қазақстан»ұранымен таңғы жаттығулар өткіземіз. Содан кейін кешке спорт майталмандарынан сұхбат аламыз. Күндіз біздің саламызға қатысты сабақтар мен лекцияларды интернет арқылы бүкіл қазақстандықтар көреді. Осылай біз қазір толықтай онлайн форматқа көштік, – ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.