«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль тапсырды. Атап айтқанда, елорда блокбекеттеріне – 15, Алматы блокбекеттеріне 10 көлік жеткізілді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 5 көлік берілді.
– Күн сайын елдегі жаңалықтарды бақылап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде осындай қиын-қыстау кезде ешкім тасада қалмай, өз мүмкіндігінше әрекет ету керектігін айтты. Біз де қарап қалмай коронавирустың алдын алу мақсатында 30 көлік жіберуді жөн санадық, – дейді компанияның бас директоры Ерік Сағымбаев.