ҚОСЫМША БӨЛІНГЕН 5000 ГРАНТҚА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

ҚОСЫМША БӨЛІНГЕН 5000 ГРАНТҚА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Sorry, this entry is only available in Русский.

Көп балалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша 5000 грант тағайындау 10 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

 ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Үкіметі алаңында өткен брифингте аз қамтылған отбасылардың балаларын әлеуметтік жағынан қолдауды сөз еткен болатын. Соның барысында министр 2019-2020 оқу жылына ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес көп балалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша 5000 грант саны бөлінетін де айтқан еді. Енді бұл гранттарды тағайындау 10 тамызға дейін жалғасады.

Тегін білім алу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде шекті балл (ұлттық университеттер – 65 балл, өзгелері – 50 ұпай, «педагогика ғылымдары» бойынша кемінде 60 балл) жинау керек.

Жалпы, бұл айтылған қосымша 5000 грантты жергілікті атқарушы органдар байқау негізінде тағайындайды. Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері байқау комиссиясын құрады.

Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

  • бекітілген үлгідегі бланкіде өтініш;
  • білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде түпнұсқасы болуы керек);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 086-У формасындағы медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • мәртебесін растайтын құжаттар (көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан).

Бір айта кетерлігі, білім гранттарын тағайындау және ЖОО-ға түсу 25 тамызға дейін жалғасатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях