Қоштаймыз, қолдаймыз

Қоштаймыз, қолдаймыз

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазақ тілінің, яғни, ана тіліміздің латын қарпіне көшу мәселесінің еліміздегі ең жоғарғы заң шығарушы орган – Қазақстан Республикасы Парламентінде талқылануы, атап айтқанда, парламенттік тыңдаудың өткізілуі көңіліміздегі біраз күдік-күмәннің бұлтын мүлдем сейілтіп жіберді дей аламын.

Оның үстіне өз сөзінде Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев «Үкіметте латын әліпбиін енгізудің нақты жоспары бар» деп атап көрсетті ғой.

Жалпы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел өміріне ерекше серпін әкелді. Ұлт Көшбасшысы осылайша бүкіл қоғамдық сананы жаңғыртудың жолын анық айқындап берді. Бұл мақаланың бітімі бөлек,  меңзегені терең. Оны келешегімізге кепіл, елдігімізге сеп болады деп  түсінуіміз керек.

Иә, қасиетті Қазақ еліне де  уақыт  керуеніне ілесу керек. Сондықтан туған тілімізді латын қарпіне көшірудің мән-маңызы аса зор. Әрі-беріден соң бұл заманның қажеттілігі, уақыттың талабы.

Дана халқымыз «Көз қорқақ, қол батыр» деген. Ендеше, іске батыл кіріскен жөн. Алайда, асығыстыққа жол бермей, бәрін де ақылмен шешуге тиіспіз. Бұл үшін елімізде білгір тіл мамандары да, мемлекетіміздің күш-қуаты да  жетеді.

Тағы бір айтарым, осы орайда қазақ тілінің ерекшелігі  барынша ескерілуі қажет. Сондықтан да халыққа еш  қиындық туғызбайтын вариантын қабылдау керек. Яғни, онымыздың өте  ұтымды, тиімді болғаны дұрыс.

Сонымен, Парламентте бұл мәселеге байланысты өте қажетті, өте  керекті  әңгіме болды. Тиімді ұсыныстар, оң пікірлер айтылды.

Біздер, ардагерлер, оның барлығын да қоштап,  қолдаймыз.

Амангелді ТОЛЫНБЕКОВ,

Жамбыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қарасай ауданы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях