Қошмамбетке мектеп салынуы мүмкін бе?

Қошмамбетке мектеп салынуы мүмкін бе?

Қошмамбет ауылының халқы мектептің жоқтығын алға тартып, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік жиынында осы мәселені ортақ талқылады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгінде Қошмамбеттен 700-дей бала жан-жақтағы мектеп барып оқиды. Олардың ауыл арасында қатынауы оңай емес. Осындай жағдайларды ескерген ауыл тұрғындары келешекте мектептің салынуын талап етті.

Ауылдастардың сөзіне сүйенсек, жаңа білім ошағының іргетасын қалау үшін оның жері белгіленген. Алайда құрылысы басталмаған көрінеді. Бүгін жергілікті халық соның себебін білу үшін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтан нақты мектептің қашан салынатынын сұрады. Аудан басшысы бұл облыстық құрылыс басқармасының құзырында екенін айтты. Ал аудан әкімінің орынбасары Айдан Әуесбай нақтыланған 2,5 га жер телімі мектеп салуға жеткіліксіз екендігін айтып, бүгінгі таңда оның 3 гектарға ұлғайғанын айтты. Яғни, қалған бөлігін ауыл азаматы сыйға тартқан. Қазіргі уақытта 600 оқушыға арналған жаңа білім ұясының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау үшін қаражат қарастырылуда. Қажетті бюджет бөлінсе, мектептің жобасына қатысты жұмыс биыл басталуы мүмкін. Бірақ жаңа ғимараттың толық аяқталуы әлі белгісіз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях