«Қос өнер – қос қанатым» атты суреттер көрмесі

«Қос өнер – қос қанатым» атты суреттер көрмесі

Sorry, this entry is only available in Русский.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдығын мен Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай, «Қос өнер – қос қанатым» атты суреттер көрмесі өтті деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған көрмеге аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, ҚР Үздік өлкетанушысы Әуелбек Ысқақов, ҚР Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов, ақын Ермек Жұматаев, Үмбетәлі Кәрібаевтың қызы Әлия Керменбекова, Жамбыл ауданы және Үмбетәлі ауылы музейлерінің қызметкерлері, ауданның қоғамдық ұйымдарының жетекшілері мен мектеп оқушылары қатысты.

[su_custom_gallery source=»media: 8294,8293,8292,8295,8298″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Шара барысында жиналғандардың алдында дәстүрлі ән мен бейнелеу өнері бойынша республикалық конкурстардың лауреаты Әуелбек Ысқақовтың шәкірттері Жамбыл мен Үмбетәлі сияқты ақын, жазушылар туралы өлеңдерін оқып, күйшілер күмбірлетін күй тартты. Ал, суретші, әрі ақын өз тарапынан жиналған қауымды салған суреттері мен жазған кітаптарымен таныстырып өтті.

[su_custom_gallery source=»media: 8291,8289,8297″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы Әуелбек Ысқақовқа аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан сый-сыяпатын табыстады. Аталған көрме 15 наурызда Үмбетәлі ауылындағы музейде жалғасын табады.

Сондай-ақ, бұндай көрме ағымдағы жылы Жаркент қаласындағы Қастеев, Талдықорған қаласындағы Тынышбаев атындағы музейлерінде де өткен.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях