Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты сот өтіп жатыр

Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты сот өтіп жатыр

Тараз қаласында  Қордай ауданында осы жылдың ақпан айында болған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  holanews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тараздағы УЖД 158/1 ТИ-13 тергеу изоляторының ғимаратында алдын ала тыңдау өтті.  Процесс ашық режимде және сот процесіне қатысушылардың денсаулығына қауіп төндірмеу және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізіліп жатыр. Ал, БАҚ өкілдеріне Тараз қаласының №2 соты ғимаратында тергеу изоляторынан сот процесін тікелей эфирде көрсететін арнайы зал берілді. Қордай ауданының сотында жәбірленушілерге арналған зал жабдықталған, онда да процесс онлайн-режимде өтеді.

Істі Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Процеске ондаған адвокат қатысып жатыр.  Сот алдында 51 адам жауап беруде. Олардың 33-і қамауда, 16-сы үшін кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Екеуінен ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлықты сақтау туралы қолхат алынған.

Ал, 366 адам жәбірленуші болып танылды.  Кеше кешке аяқталған алдын ала тыңдау барысында осы жылдың 7-8 ақпанында Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе және Бұлар батыр ауылдарында көптеген адамның қатысуымен жаппай тәртіпсіздік болғаны айтылды. Тәртіпсіздік кезінде 10 тұрғын қаза тапты, біреуі сауда орталығының қирауынан қайтыс болды. 158 азамат пен құқық қорғау органдарының 20 қызметкері дене жарақатын алған. 156 тұрғын үйге және сауда объектілеріне, 102 автокөлікке зақым келді.

Тергеу барысында Қордай оқиғалары туралы іс бойынша барлық қажетті дәлелдер жиналды. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар барлық адам анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жазаланады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың ақпан айында Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қордай ауданының Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Масаншы, Сортөбе ауылдарында 47 адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу), сондай-ақ ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша басталды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін барлық кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.  Процеске Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Замбаев төрағалық етіп жатыр.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях