Қордай ауданында төтенше жағдай сақталады

Қордай ауданында төтенше жағдай сақталады

Қордайда төтенше жағдай әлі сақталуда. Полиция мен Ұлттық ұлан жасақтары аудандағы тәртіпті қадағалау жұмысын әзірге жалғастыра береді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Соңғы екі  тәулікте атқарылған шараларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз бақылауында ұстады.   Жұртты арандатып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандар, билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, адам өлтіргендер бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық топ құрылып, кінәлілер іздестіріліп жатыр. Ресми дерекке сәйкес қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 140-тан астамы жараланған. Зардап шеккендердің кейбірі шекара асып, қырғызстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір олар елге қайтарылып, қажетті ем-домын алып жатыр. Бүлінген дүние-мүлік те қайта қалпына келтіріледі. Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі.

– Шығындардың барлығын заңға сәйкес төлейтін боламыз. Асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек көрсетіледі. Ең үлкен мәселе – өртенген үйлерді, кәсіпкерлік орындарды қалпына келтіретін жергілікті құрылыс компания болады. Кім де кім өздері саламын десе келісім-шарт жасаймыз, –дейді облыс басшысы .

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях